Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Disney Джонни Деппке "Джек Воробей" рөлін сомдауы үшін 301 млн доллар ұсынды

Опубликовано:

Джонни Депп
Джонни Депп. Фото: John Phillips/Getty Images for BFI

Disney америкалық актер Джонни Деппен "Кариб теңізінің қарақшылары" франшизасының жаңа фильміне, сондай-ақ Disney Plus ұсынған қосымша сериалға түсу туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Poptopic жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылым дереккөзінің хабарлауынша, студия актермен қайтадан іскерлік қарым-қатынас орнатуға тырысып жатыр. Олар актерден ресми түрде кешірім сұрап, оған кезекті рөлді сомдайтын болса, қомақты қаламақы төлеуге әзір екенін алға тартқан.

Дереккөздің айтуынша, Disney актерге 301 миллион долларлық келісімшарт ұсынған.

"Компания өкілдері Эмбер Хердпен сот басталмастан бұрын актермен байланысқа шығып, оның қарақшылар туралы тағы бір-екі фильмге қайтып оралғысы келетін-келмейтінін сұрады", - дейді дереккөз.

Келіссөздер Джонни Депптің "Кариб теңізінің қарақшылары 6" фильмінде "Джек Воробей" рөлін сомдауы және "Қара інжу" капитанының жастық шағы туралы Disney Plus ұсынған қосымша сериалға түсуі төңірегінде жүргізілуде, Disney 58 жастағы актер бұл ұсынысты қабылдайды деген үмітте, деп жазады басылым.

Еске салсақ, 2018 жылы Disney Джонни Деппен іскерлік қарым-қатынасты тоқтатып тастаған еді. Бұған актердің бұрынғы әйелі Эмбер Хердтің басылымдардың біріне сұхбатында "зорлық-зомбылық құрбаны болғаны" туралы шулы мәлімдеме жасауы себеп болған.

Маусым айының басында сот бұл дауға нүкте қойып, актриса бұрынғы күйеуіне жала жапқаны үшін кінәлі деп танылды. Енді ол Деппке 15 миллион доллар төлеуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975908-baq-disnei-dzonni-deppke-dzek-vorobei-rolin-somdauy-usin-301-mln-dollar-usyndy/

pixel