Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ өнерінің жауһары": Майра Ілиясова Бибігүл Төлегеноваға ерекше құрметін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Бибігүл Төлегенова мен Майра Ілиясова
Видеодан кадр: Instagram/mayrailyassova

Әнші Майра Ілиясова қазақ эстрадасының дүлділі Бибігүл Төлегенованы қонақ етіп, оны үлкен ілтіпатпен күтіп алған. Өнер иесінің сөзінше, бұл күн оның мәңгі есінде қалмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Майра Ілиясова 93 жастағы Бибігүл Төлегенованың елордаға келгенін естіген бойда онымен кездесуді ұйғарған. Ол бұлбұл үнді әртіспен өткізген күнінен естелік видео бөлісіп, оған деген ерекше құрметін көрсетті.

Әнші аты аңызға айналған тұлғаға деген сыйластығы мен махаббатын жеткізіп, оған өз атынан орамал тарту еткен.

"Аты аңызға айналған, бұлбұл үнді Бибігүл Төлегенова Нұр-Сұлтан қаласында! Жасы 93 келген апатайым құдайға шүкір, тың, дауысы бабында, қызы Гузел жанында, көңіл күйі жоғары. Кездесіп шай ішіп, мәре-сәре болып ән салып, апамыздың сыңғырлаған дауысына балқып, күнімізді керемет өткіздік! Жанұямыз үшін ерекше есімізде қалған күн.

Немерелерім Сұлтанәлі, Айсамия, Иманәлі, Бегім апатайымыздан бата алып, қызым Тоғжан мен күйеубалам Ерлан 3 ән айтқан, сөзінде ұмытпай әдемі ән салған Бибі апамызға қарап ерекше тәнті болды!

Халқыңызды таң қалдырып жасай беріңіз қазақ өнерінің жауһары Бибігүл апатай", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975946-qazaq-onerinin-zauhary-maira-iliyasova-bibigul-tolegenovaga-erekse-qurmetin-korsetti-video/

pixel