Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала-шағаң есейді": Тележүргізуші Әсел Ақбарова марқұм күйеуін есіне алып, әсерлі жазба жариялады

Жарияланған күні:

Әсел Ақбарова
Фото: Instagram/akbarassel

Танымал тележүргізуші Әсел Ақбарова 23 жыл бұрын өткен үйлену тойының видеосын жариялап, марқұм күйеуін есіне алды. БАҚ өкілі сүйіктісін түсінде көріп, желіде оған әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсел Ақбарова мұрағаттық видеоны Instagram парақшасында жариялаған. Тележүргізуші небәрі 17 жасында тұрмысқа шыққан.

"Түсіме кіріп, есіме салғаныңа рахмет. Өмір жалғасуда. Бала-шағаң есейді. Шүкіршілік. 23 жыл өтті. Иманды бол. Осы жерде естелік болсын", - деген жазба қалдырды ол бейнежазба астында.

Айта кетейік, Әсел Ақбарованың бүгінде үш баласы бар. Ол екі қыз бен бір ұл баланы тәрбиелеп отыр. Тележүргізушінің күйеуі 2005 жылы қайтыс болған.

Желі қолданушылары БАҚ өкіліне қолдау білдіріп, оған жылы лебізін жеткізді.

"Жатқан жері жайлы болсын. Бала-шағасына Алла ғұмыр берсін", "Әкесі көрмеген ғұмыр жасын ұрпағы көріп бақытты болсын. Әсел, сен өте мықтысың. Алла ғұмыр жасыңды ұзақта мәнді де, сәнді қылсын. Ұл-қыздарыңның қуанышын көр", "Мықты әйелсіз", "Мұңаймаңыз. Күйеуіңіз әрдайым сізді қолдап жүр", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975998-bala-sagan-eseidi-telezurgizusi-asel-aqbarova-marqum-kuieuin-esine-alyp-aserli-zazba-zariyalady/