Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі шаңырақ көтерді (видео)

Опубликовано:

Азамат Маркленов сүйіктісімен
Фото: Instagram/marklenov

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов отбасын құрды. Желіде әртістің құдалығынан видеолар тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маркленовтың қуанышында түсірілген ерекше кадрлармен "Ирина Кайратовнаның" өзге мүшелері бөліскен. Бейнежазбада олардың жас жұбайларды ортаға алып, суретке түсіп жатқанын көруге болады.

Азамат Маркленов шаңырақ көтерді
Видеодан кадр: Instagram/menenbarisuraid1

Оған қоса Instagram желісіндегі rapmuzkz парақшасында Азаматтың құдалығынан видео жарияланды. Онда күйеужігіттің шығар алдында қобалжып тұрғанын көруге болады.

"Кеттік досым. Не болып жатқанын әлі деп түсінер емеспін. Басымды неше түрлі ойлар", - деді ол.

Видеоларда қалыңдық та бой көрсеткенімен, оған қатысты әзірге нақты ешқандай ақпарат жоқ. Азамат Маркленовтың жеке парақшасында сүйіктісімен түскен суреттері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976115-irina-kairatovna-tobynyn-musesi-sanyraq-koterdi-video/

pixel