Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт дипломы бар Толқыным": Төреғали Төреәлі келіншегі жаңа мамандықты меңгерді

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі желіде әйелінің тағы бір мамандықты меңгеріп шыққанын айтып мақтанды. Өнер иесі бұл жаңалықты арнайы өлең жолымен жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, Толқын Тұрарбекқызы отандық академияда білім алған. Күні кеше ол көптен күткен дипломын қолына алып, Қазақстан психология қоғамы бірлестігінің мүшесі атанған.

Төреғали Төреәлі келіншегінің жетістігі туралы Instagram парақшасында жария етті. Ол өнер иесіне сай әйеліне өлең жолдарын арнап шығарған. Сөзінше, бүгінде Толқынның төрт дипломы бар.

"Жаратқаным жар ғып берген жарқыным, Баяғыдан оқымысты жан тұғын. Бірі білсе бірі білмес мен оның Білімпаздық қасиетіне тәнтімін.

Тағы жаңа мамандықты игердің Дипломың құтты болсын алтыным, Бір күйеуі екі ұлы үш қызы Бұл менің төрт дипломы бар Толқыным", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяны жарыса құттықтап, оларға деген ыстық ықыласын білдірді.

"Қандай керемет. Бақытты болыңыздар. Алар асуларыңыз көп болғай", "Ақылды саналы ұрпақ тәрбиелейтін білімді ана", "Жарайсыздар. Білім аздық етпейді", "Керемет өлең шумақтары, жан жарыңның қадірін білетін нағыз отағасы. Ғұмырлы, бақытты болыңдар", "Сіздерден көпшілік үлгі алсын. Керемет жанұя", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976138-tort-diplomy-bar-tolqynym-toregali-toreali-kelinsegi-zana-mamandyqty-mengerdi/

pixel