Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаеваның ұлы оқуын тәмамдап, диплом алды (фото)

Опубликовано:

Мәди Рымбаев
Фото: Instagram/madirymbaev

Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның кенже ұлы жоғары оқу орнын тәмамдап, дипломын қолына алды. Мәди Рымбаев өнер академиясында білім алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жаңалықты әртістің перзенті өзінің Instagram парақшасында жария етті. Мәди Рымбаев түлектерге диплом табыстау салтанатынан кейінгі суретін жариялап, қалың көпшілікке өз еңбегімен қол жеткізген дипломын көрсетті.

Желі қолданушылары Рымбаеваның ұлын жарыса құттықтап, оған ақ тілегін жолдады.

"Құтты болсын. Диплом деп осыны айту керек, көлемді, көзге тез түседі, ерекше", "Мәди жарайсың. Жемісін көр", "Енді ресми түрде оқыған-тоқыған азамат болдың", "Өнерің шарықтай берсін. Сенің әндеріңді сүйіп тыңдаймыз. Тағы да жаңа әндер күтеміз", "Табақтай диплом" деген осы шығар!? Барлық арман-мақсаттарыңа жете бер", "Енді диплом саған қызмет етсін", - деп тілек білдірді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976309-roza-rymbaevanyn-uly-oquyn-tamamdap-diplom-aldy-foto/

pixel