Юрий Шатуновтың қайтыс болар алдында жазып үлгерген соңғы әні жарық көрді
Жарияланған күні:
Әнші Юрий Шатунов қайтыс боларының алдында жаңа альбомына енетін әндерін жазып жүрген. Кеше, 29 маусымда әншінің толық жазып үлгерген жаңа әні жарық көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "СтарХит" басылымына сілтеме жасап.
"Каждому свое" деп аталатын композиция аңыз-әншінің тыңдармандарын бейжай қалдырмасы анық.
Басылымның хабарлауынша, Шатунов аталған әнін инфаркт алардан бірнеше апта бұрын ғана жазып бітірген. Ән Шатуновтың болашақта жарық көретін альбомына енуі тиіс болған. Бірақ әншінің өлімінен кейін студия бұл әнді сингл ретінде шығаруды жөн көріпті.
"Бұл әнді өткенде ғана жазған еді, оның соңғы жұмыстарының бірі. Біз оны соңғы рет Юрийді жерлеу рәсімінде тыңдадық. Отбасындағы шаруаларды шешіп алған соң, Юраның достарын шақырып, бәлкім әннің тұсауын кесетін шығармыз", - дейді әртістің директоры Аркадий Кудряшев.
Басылымның жазуынша, Шатуновтың соңғы әні оның өмірден өтетінін дәл болжап тұрғандай әсер етеді. Онда сатқындық, кешірім және дүниенің тарлығы туралы айтылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976315-yurii-satunovtyn-qaitys-bolar-aldynda-zazyp-ulgergen-songy-ani-zaryq-kordi/