Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Қайрат Әділгерейдің төбелескен видеосы тарады: Актер мән-жайды түсіндірді

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Әлеуметтік желілерде әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерейдің бейтаныс азаматпен төбелесіп жатқан видеосы тарап, ел талқысына түскен болатын. Қалың көпшілік оқиғаның мән-жайын білмек болып, өнер иесін сұрақтың астына алған. Мән-жайды актердің өзі түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталмыш видеода Қайрат Әділгерейдің мерекелік жиында жүргенін көруге болады. Кенеттен ол қасына келген ер адамға жұдырық ала жүгіреді. Қос азаматтың арасындағы жанжал ушығып, төбелеске ұласады.

Бұл жайт бірден оқырмандар назарына ілігіп, желіде қызу пікірталас тудырды. Бірі актер үшін уайымдап кетсе, енді бірі бұл арнайы ұйымдастырылған қойылым деп жазуда.

"Қайреке, сіз үшін уайымдап кеттік", "Не болып жатыр?", "Қатты төбелеседі екен", "Еш жеріңіз зақымданбады ма?", "Кино түсірілімі секілді. Күзетші жігіттің жүрісі қызық екен", "Қойылым сияқты. Өтірік жұдырықтасып жатқандай болып тұр", - деп жарыса пікір білдірген желідегілер.

Алайда алаңдауға еш негіз жоқ екен. Актердің өзі Instagram парақшасында мән-жайды түсіндіріп өтті. Белгілі болғандай, бұл жағдай түсірілім алаңында орын алған.

"Кешегі құдалықтағы төбелес десең. Қалжың, бұл "Диета KZ" тобының клипінен үзінді. Жігіттер жаңа бейнебаян құтты болсын", - деп жазды әзілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976333-zelide-qairat-adilgereidin-tobelesken-videosy-tarady-akter-man-zaidy-tusindirdi/

pixel