"Ауылдың қызымын ғой": Гүлнұр Оразымбетова ауылға деген сағынышын жеткізді (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Гүлнұр Оразымбетова бүгінде елордада тұрып жатқанымен, өзі үшін ауылдың орын бөлек екенін атап өтті. Өнер иесі желіде ауылға деген сағынышын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Шоу-бизнес жұлдызы бұл сағынышын басу үшін арасында ауылға барып тұратынын жасырмады. Оразымбетова өзіне ауылдағы атмосфера қатты ұнайтынын жеткізді.
Әнші тіпті ауылға барған сәтінен видео жариялап, өз әсерін бөлісті.
"Ауылдың қызымын ғой, сағынам. Астанамыздың іргесіндегі Қабанбай батыр ауылына барып тұрамын, сағынышымды басып. Өнердегі апа буын Арайлым Рахымқызын туған күнімен құттықтай барып, самаурыннан шәй ішіп, бауырсақты қаймаққа батырып жеп, апаларымыздың батасын алып мәре-сәре болып қалдық.
Ел аман, жұрт тыныш болып, ақпарат көздерінен берілетін жақсы, жағымды жаңалықтар көп болсын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976364-auyldyn-qyzymyn-goi-gulnur-orazymbetova-auylga-degen-sagynysyn-zetkizdi-video/