Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Томирис патшайымның алтын тәжі": Жанат Бақыт өзіне тарту етілген айрықша сыйлығын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Тележүргізуші Жанат Бақыт Томирис патшайымның алтын тәжіне ие болды (фото)
Фото: Instagram/zhanat_bakyt

Отандық танымал тележүргізуші Жанат Бақыт журналистер күніне орай ерекше сыйға ие болды. БАҚ өкіліне Томирис патшайымның алтын тәжі тарту етілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанат Бақыт аса бағалы әрі тарихи сыйлыққа ие болғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол өзін кәсіби мерекесінде ерекше құттықтаған жақынына алғысын жаудырды.

Тележүргізуші бұл өміріндегі баға жетпес бірден бір сый болғанын айтып, өз қуанышын жасырмады.

"Бүгін ғажап күн! Томирис патшайымның алтын тәжі маған бұйырды. Қатты қуанып отырмын. Тіпті ақ жауын жауып кетті, әне! Журналистер күні мерекесіне керемет сый болды!

Мұндай баға жетпес сыйлықты сыйлаған рухты әпкем Амира ханым! Біздің жолды түйістірген жаратушыға мың да бір рахмет. Алтын тәждің әр деталінде мән жатыр", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары тележүргізушіні құттықтап, оның алған сыйлығына өз таңданысын білдіруде.

"Құтты болсын! Бұл тәждің сізге сыйланғанында да бір себеп, мән бар шығар", "Қандай керемет әрі ерекше сый", "Құтты болсын! Қуанышыңа ортақпын", "Тәжіңіз құтты болсын. Лайықтысыз", "Бұл тәжді шынымен Томирис патшайымның өзі киген ба? Неткен ғажап сыйлық бұл", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976384-tomiris-patsaiymnyn-altyn-tazi-zanat-baqyt-ozine-tartu-etilgen-airyqsa-syilygyn-korsetti-foto/

pixel