Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бүркіт отбасымен Түркияда демалуда (фото, видео)

Опубликовано:

Аиша мен Бүркіт
Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Отандық танымал әнші Бүркіт бүгінде жанұясымен бірге Түркияда демалуда. Жұлдызды жанұя жазғы демалысты тиімді пайдаланып, саяхаттауды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүркіт пен Аиша шетелге демалып жатқанын Instagram желісінде жария етті. Олар барша оқырмандарына Түркиядағы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Жұлдызды жұп түрлі видео мен фото жариялап, саяхаттан алған әсерін бөлісуде.

Олар аса қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтап, әйгілі "Land og Legends" аквапаркіне барған.

Желі қолданушылары оларға жақсы демалыс тілеп, жылы лебізін білдірді.

"Қандай күшті. Осы жанұя қашан қарасаң саяхаттап жүреді", "Бізге де осындай демалыс бұйырса ғой", "Жақсы демалыс болсын. Бала-шағаға әлемді көрсетуге не жетсін", "Керемет жанұя. Көз тимесін.", "Көбірек фото мен видео салыңыздаршы. Бізде Түркияда болғандай әсер алайық", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976507-ansi-burkit-otbasymen-turkiyada-demaluda-foto-video/

pixel