Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы қадамым": Әнші Жігер Ауыпбаев актерлікке бет бұрды (видео)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев енді өзінің актерлік қырын елге танытпақ. Өнер иесі алдағы уақытта қазақстандық телехикаялардың бірінде бой көрсетпек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жігер Ауыпбаев актерлікке бет бұрғанын өзінің Instagram парақшасында жария етті. Ол түсірілім алаңынан видео жариялап, отандық сериалдағы кейіпкерді сомдайтынын айтты.

Әнші өзі үшін жаңа саланы ашып, үлкен сабақ алып жатқанын жеткізді.

"Сәттілік тілеп қойыңыздар. Сериалдағы алғашқы қадамым. Режиссердың айтқан әрбір ақыл-кеңесі кино әлеміне деген құштарлығымды одан әрі оятып жатыр. Әр түсірілім сайын үлкен сабақ алып жатырмын", - деп жазды әртіс.

Айта кетерлігі, аталмыш телехикаяда Ауыпбаевпен бірге Ақбота Сейітмағамбет те түседі. Өнер иесі бөліскен видеоүзіндіде "Кешью" тобының бұрынғы әншісін көруге болады.

Желі қолданушылары әншіні қолдап, оған сәттілік тілеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976557-algasqy-qadamym-ansi-ziger-auypbaev-akterlikke-bet-burdy-video/

pixel