"Менің нөмірімнен хабарласқан": Актриса Динара Бақтыбаева алаяқтардың әрекетін айтып, ескерту жасады

Опубликовано:

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Актриса Динара Бақтыбаева өзінің телефон нөмірін пайдаланбақ болған алаяқтардың тәсілін әшкереледі. Өнер иесі көпшілікті оларға алданып қалмауды ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Бақытбаева басынан өткен жағдайды Instagram парақшасында баяндады. Алаяқтар киножұлдыздың нөмірін заңсыз пайдаланбақ болған.

"Осыдан бірер күн бұрын маған бөтен нөмірден қоңырау келіп түсті. Мен қайта хабарластым. Бір қыз тұтқаны көтерді. Одан кім екенін сұрадым. Ол менің нөмірімнен оған алаяқтар қоңырау шалғанын айтты. Ол менің хабарым жоқ екенін түсінді", - деді актриса.

Өнер иесінің сөзінше, енді алаяқтар осындай тәсілмен алдауға көшкен.

"Осындай жағдайлар да болып жатыр. Сіздің нөміріңізді пайдалануы мүмкін. Арнайы қосымшалар мен кодтар бар екен. Солардың көмегімен кез келген нөмірді пайдалануға болады. Абай болыңыздар", - деп ескертті ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976607-menin-nomirimnen-xabarlasqan-aktrisa-dinara-baqtybaeva-alayaqtardyn-areketin-aityp-eskertu-zasady/