Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі сене алмай отырмыз": Белгілі актер Отаралы Көлжан өмірден өтті

Опубликовано:

Роза Әлқожа танымал актердің қазасына жазба арнады
Отаралы Көлжан. Фото: ulan.kazgaeta.kz

Өнер академиясының ұстазы, белгілі актер әрі мәдениет қайраткері Отаралы Көлжан өмірден өтті. Бұл туралы сатирик Асқар Наймантаев хабарлап, көпшілік көңіл айтуда. Қайғылы хабар әнші Роза Әлқожаға да ауыр тиген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін мен досымнан айырылдым. Енді Отаралы Көлжан жоқ", - деп жазды Асқар Наймантаев.

Мәдениет қайраткерінің қазасын көптеген актер мен шоу-бизнес өкілдері халыққа естіртуде. Ал әнші Роза Әлқожа жайсыз хабарға әлі сене алмай отырғанын айтқан.

"Қайран, ағатайым! Өмірден сөз сөйлесе біліп, танып, танымыңды арттырып сөйлейтін асыл адам өтті! Шәкірттеріне қамқор, белді ортада беделі биік болса да қарапайымдылығынан танбаған белгілі актер Отаралы аға жайлы хабарға әлі сене алмай отырмыз!

Алпысқа толса алты Алашқа айтып, дүркіретіп тойлаймыз деп отырғанда мұныңыз не, ағам-оу?!.Отбасына, ұжымдастарына, ағайын, туысына, шәкірттеріне қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976693-ali-sene-almai-otyrmyz-belgili-akter-otaraly-kolzan-omirden-otti/

pixel