"Уайымдағаным бар": Актриса Жанель Мақажан күйеуінен мәһрге не сұраған
Жарияланған күні:
Өткен жылы екінші рет тұрмысқа шыққан актриса Жанель Мақажан күйеуінен мәһрге не сұрағаны белгілі болды. Отағасы бұл мәселеге қатысты мешітте неке қидырар алдында уайымдағанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жанель Мақажанның күйеуі мәһрді некелескеннен кейін тура бір жылдан соң алып берген.
Белгілі болғандай, актриса отағасынан сыйлық ретінде иманды күшейтетін кітаптар сұраған. Әйелінің қу дүниеге қызықпай, одан да бітік құндылықтарды қалағаны отағасының жанына жаққан.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді.
"Мәһр. Аманатым екеуміздің некелескенімізге бір жыл толды. Бір жыл, көзді ашып жұмғанша зымырап өтті. Неке қиған кезде мәһрді орындаудың реті келмей жүрген еді, бір жылдыққа бұйырыпты! Шынымды айтайын, неке қиғанда аздап уайымдағаным бар, болашақ жарым мәһрге не сұрайды екен - деп.
Сөйтіп имам, не сұрайсыз деген сұрақ қойғанда, аманатым кідірместен иманымды күшейтетін кітаптар сұраймын, мен үшін ең қымбат сый сол деген кезде, менің көзімнен жас шықты. Менің болашақ жарыма қу дүниеге деген қызығушылық емес, одан да биік, қымбат құндылық барына қатты риза болдым! Енді бір жылдығымызды атап, демалыста жүрміз. Аманатым, мен сізді Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін! Мен сізбен, бақыттымын", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976785-uaiymdaganym-bar-aktrisa-zanel-maqazan-kuieuinen-mahrge-ne-suragan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.