Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майкл Джексон образындағы Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Видеодан кадр: Instagram/jarkynaixanaiym

Әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде қалың көпшілікке ерекше образын паш етті. Өнер иесі әйгілі Майкл Джексонның кейпінде ел алдына шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жарқынай Ханайым Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, өз оқырмандарын қатты таңғалдырды. Актриса күллі әлемге танымал Майкл Джексонның образын киіп көрген.

Оған қоса әртіс аңыз адамның қанатты сөздерін де келтіре кеткен.

"Америкалық әнші - Майкл Джексонның қанатты сөздері. Егер сен өзіңе сенімсіз болсаң, онда саған кім сенеді? Ерекше талант иесі болуың мүмкін, алайда дайындалмасаң, жаттықпасаң бәрі желге кетеді", - деп жазды ол.

Әнші Джексонның образын ғана қайталап қоймай, оның биін де салуға тырысқан.

Желі қолданушылары Жарқынай Ханайымның бейнежазбасын қызу талқылап, оны Майкл Джексонмен салыстыруда.

"Айнытпай салыпсыз енді. Қатты ұқсап тұрсыз", "Майкл Джексон сияқты ешкім бола алмас. Сәтсіз қайталау болған секілді", "Меніңше, барынша ұқсата алған. Жарайсыз", "Қандай керемет видео. Мен расымен Майкл Джексонның өзі екен деп қалдым", "Недеген ұқсастық", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976830-maikl-dzekson-obrazyndagy-zarqynai-xanaiym-eldi-tangaldyrdy-video/

pixel