Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Динара Сұлтан анасы мен қос сіңлісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Динара Сұлтан анасы мен сіңілдерімен
Фото: Instagram/dinara_sultan1

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан желіде ерекше отбасылық кадрларды бөлісіп, көпшілікке анасы мен туған сіңлілерін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Сұлтан өз отбасының мүшелерін Instagram желісінде таныстырды. Ол кенже сіңлісі Гүлмаржанның туған күніне орай, жақындарымен жасаған ерекше фотосессиясын ел назарына ұсынған.

Өнер иесі туғанына әпкелік ақ тілегін жолдаған.

"Кенже сіңілім сені туған күніңмен құттықтаймын! Биік белестерге жете бер жаным, алдыңа қойған мақсатыңа ұмтыл", - деп жазды әртіс.

Жазбасының соңында Динара Сұлтан көпшіліктен оның сіңлілерімен өзара ұқсастығы жайлы сұрады.

Оқырмандардың басым көпшілігі олардың бір-біріне қатты ұқсайтынын жазып, арулардың сұлулығына тамсанған.

"Сіздердей сұлу қыздарды осындай қылып өсірген анаңыз мықты екен", "Әрине ұқсап тұрсыздар", "Айнымай тұрсыздар", "Үшеуінің де көздері бірдей сияқты. Қан жібермейді деген осы. Қатты ұқсайды екенсіздер", "Ортадағы сіңліңіз бе? Сол кісімен қатты ұқсайсыздар. Екінші сіңліңіз бөлек, ұқсата алмадым", "Ия ұқсайсыздар. Тіл көзден аман болыңыздар сұлу арулар", "Бірінен бірі өткен көрікті қыздар", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976866-ansi-dinara-sultan-anasy-men-qos-sinlisin-korsetti-foto/

pixel