"Құдай бере салған Құдайберген ғой": Мақпал Исабекова ұлына ерекше есім берді
Жарияланған күні:
Әнші Мақпал Исабекова тұңғышына қандай есім бергенін жария етті. Ол күйеуінің аты-жөні ерекше болғандықтан ұлының да атын соған сай етіп таңдауға тура келгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мақпал Исабекова бұл туралы Instagram парақшасында баяндады. Сөзінше, ұлының есімін әкесі қойған.
"Күйеуім екеуіміз менің аяғым ауыр болмай тұрып, алғашқы кездесулерімізде-ақ балаларымызың атын ойластыра бастағанбыз. Әкесінің аты-жөні ерекше болғандықтан Асқар, Азамат немесе Олжас деген есімдер оған келісе қоймайтынын мен бірден ұқтым. Ұлтаралық әрі ерекше ат керек болды. Күйеуімнің фантазиясында шек жоқ екен. Ол мені қатты таңғалдырды. Ол біздің болашақ жеті баламыздың да есімін дайындап қойыпты.
Кейін сөз болмас үшін біз бірден келісіп алдық. Ұл болса есімін ол қояды. Ал егер қыз бала өмірге келсе, оның есімін мен беремін деп жоспарладық. Себебі мен қызыма қоюды армандап жүрген есімім болды. Жүктілігімнің үшінші айында ата-анамызға жақсы хабар жеткізуге барайын деп жүргенде біз ұлды болатынымызды білдік.
Есімін күйеуім қоятын болды. Ол ең керемет есім таңдады. Онымен келіспеске болмас еді. Бұл есімге, оның мән-мағынасына, ерекшелігіне бірден ғашық болдым. Теодор. Алланың сыйы. Тео. Тедди. Алла бере салған Құдайберген ғой", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976978-qudai-bere-salgan-qudaibergen-goi-maqpal-isabekova-ulyna-erekse-esim-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.