Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінезім ауыр": Динара Қырықбаева оқырмандарына мінезі мен сүйіктісі туралы айтып берді

Опубликовано:

Динара Қырықбаева
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Әнші Динара Қырықбаева желіде оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап беріп, көпшілікке өзі жайлы жаңа мәліметтер айтты. Өнер иесі мінезі мен жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желідегілер Қырықбаевадан бірден мінезі туралы сұрады. Олардың пайымдауынша, ел арасында әртістің мінезі аса ауыр деседі.

Эстрада жұлдызы бұл болжамдарды растады.

"Дұрыс айтады. Менің мінезім расымен ауыр", - деп жауап берді әнші Instagram парақшасында.

Динара Қырықбаеваның Stories-і
Скриншот: Instagram/kyrykbayeva

Сонымен қатар оқырмандар Динараның жеке өмірі жайлы білмек болды. Олар жұлдызға сүйіктісі жайлы сұрақ қойды.

"Орта жастағы адамым бар", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Қырықбаеваның 33 жасын атап өткенін жазған болатынбыз. Өнер иесі туған күнін тек ет-жақындарымен тойлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977000-minezim-auyr-dinara-qyryqbaeva-oqyrmandaryna-minezi-men-suiiktisi-turaly-aityp-berdi/

pixel