Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірнектеп жинағаным": Әнші Нұрлан Албан өртеніп кеткен дүние-мүлкін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Нұрлан Албан
Видеодан кадр: Instagram/nurlanalban

Отандық танымал әнші Нұрлан Албанның отбасында жайсыз жағдай орын алды. Өнер иесінің бұрыннан бері жинап жүрген музыкалық аспаптар коллекциясы мен студиясындағы құрал-жабдықтары өртеніп кетті. Әртістің ауласындағы жазғы үйден өрт шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Албан бұл туралы Instagram парақшасында бөлісіп, оқиға орнынан видео жариялады. Онда өртеніп күлі ғана қалған аспаптарды көруге болады.

"Бабаларымыз су мен от тілсіз жау деген. Қазіргі менің жағдайым осындай. Өнерде жүріп тірнектеп жинаған бүкіл аспаптарым, музыкалық құрылғыларым, жабдықтарым осылай өртеніп кетті. Құрметті бауырлар, қазір күн өте ыстық.

Өрттен абай болыңыздар! Дүниеге ішім ашып тұрған жоқ. Ең бастысы, бала-шағам, туған-туыстарым, бауырларым, ел-жұртым аман болса болды. Жалпы қауіп-қатердің қайдан келетінін білмейміз ғой. Осыдан бір-екі жыл бұрын студиямды жапқан кезде сол студияма ән әлеміне байланысты тірнектеп жинаған музыкалық құрылғыларым осы жазғы үйде болған. Өрт шықты. Міне, түгі қалған жоқ. Бас аман болсын. Қалғаны маңызды емес", - деді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977250-tirnektep-zinaganym-ansi-nurlan-alban-ortenip-ketken-dunie-mulkin-korsetti-foto/

pixel