Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова өзгелердің сөзі үшін күйзеліске түсетін әйелдерге кеңесін айтты

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова желіде барша әйелдер қауымына үндеу жолдап, оларға келелі кеңесін берді. Өнер иесі қыз-келіншектерге күйзеліске түспей, өз денсаулығын үнемі бірінші орынға қоюға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова бұл үндеуін Instagram парақшасында жариялаған. Ол өзге жандардың айтқан сын пікірін жүрекке жақын қабылдамау керек екенін түсіндірді.

"Қымбатты келіншектер! Әрқайсыңыздың жақсы қасиеттеріңіз бар. Егер күйеуіңіз немесе айналаңыздағы адамдар сіздің кемшілігіңізді қайта-қайта айта берсе сеніп қалып, көңіліңізді түсірмеңіз, өзіңізді кіналамаңыз. Адам өзін кіналай берсе, депрессияға түседі, денсаулығынан айрылады. Денсаулықтарыңыз ең бірінші өзіңізге керек. Аман жүріңіздер", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөзіне қосылып, оған қолдау білдірді.

"Өте дұрыс айтасыз", "Керемет айтылған сөздер", "Сізбен толықтай келісемін. Бірінші орында әркез денсаулық тұру керек", "Сізге де мықты денсаулық тілеймін. Алланың назарында, бақыттың базарында болыңыздар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977505-zazira-baiyrbekova-ozgelerdin-sozi-usin-kuizeliske-tusetin-aielderge-kenesin-aitty/