Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байлықтарым": Ата-анасының ерекше видеосын бөліскен Жорабаева ел жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева ата-анасымен
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева желіде ата-анасының видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Желі қолданушылары бейнежазбаны сүйсіне қарап, өз жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алтынай Жорабаева ерекше отбасылық сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда әкесінің анасына үлкен гүл шоғын тарту етіп жатқанын көруге болады.

"Аллаға сансыз мадақтар мен шүкірлер. Байлықтарым", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әртістің ата-анасына, олардың жылы қарым-қатынасына аса тәнті болып, өз ақ тілегін жолдады.

"Бақыт деген осы ғой. Ата-анаңыз ұзақ жасасын", "Денсаулықтары мықты болсын. Әрдайым қасыңызда болсын", "Қандай ерекше әрі әсерлі сәт", "Осы кісілердің жолын берсін! Үлгілі отбасы", "Аллам ұзақ ғұмыр берсін! Екі дүниенің бақытын, жақсылығын нәсіп етсін", "Балалардың бақытын беріп, рахатын көрсетсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977785-bailyqtarym-ata-anasynyn-erekse-videosyn-bolisken-zorabaeva-el-zuregin-elziretti/

pixel