Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдық образындағы Сиви Махмуди желіде қызу талқыланды (видео)

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Сиви Махмуди. Фото: instagram.com/sivi_makhmudi

Әнші Сиви Махмуди желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Желі қолданушылары өнер иесінің екінші мәрте тұрмысқа шығайын деп жатқанын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сиви Махмуди аталмыш видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әнші аруды қалыңдық образында көруге болады.

Ақ көйлектегі шоу-бизнес жұлдызы бірден ел назарын өзіне аударды. Желі қолданушылары оны қызу талқылап, өз пікірлерін жарыса жаза бастады. Кейбірі тіпті әртістің екінші рет тұрмысқа шығуға дайындалып жүргенін болжады.

"Бақытты болыңыз", "Сізге өте жарасады", "Тағы да тұрмысқа шыққалы жүрген жоқсыз ба?", "Бақыт тілейміз. Әркім бақытты болуға лайықты", "Сұлусыз", "Бұл жай ғана фотосессия сияқты", "Ажырасып кетті ма? Енді ғанан естіп тұрмын", "Қалыңдық образы күшті жараса кетті", - деп жазуда көпшілік.

Алайда Сиви Махмуди бұл қауесеттерге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977958-qalyndyq-obrazyndagy-sivi-maxmudi-zelide-qyzu-talqylandy-video/

pixel