Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онымен дуэт жазба деді": Ерке Есмахан А.Z-мен ән жазған Айқынға ренжіп қалған (видео)

Опубликовано:

Айқын
Айқын Төлепберген. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Әнші Айқын Төлепберген өнердегі әріптесі Ерке Есмаханды ренжітіп алғанын айтты. Қос әртістің арасында туындаған мәселеге "91" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевтың тікелей қатысы бар болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқынның сөзінше, Ерке Есмахан оның Азамат Зенкаевпен дуэт жазуына қарсылық білдірген. Әнші ару өнердегі әріптесімен тіпті араласпай кететінін ескерткен.

Бұл туралы Айқын Төлепберген "Гәкку" арнасына берген сұхбатында айтты.

"Менде ән жазылды. Сосын музыкалық көмекшім екеуміз ойлана келе, рэпер керек екенін түсіндік. Көптеген рэп орындаушылармен ән айтыппын. Кейін ойға "91" тобынан шығып кеткен Азамат келді. Бірден Еркеге хабарластық. Онымен сөйлестік. Бірақ Ерке "Өздерің білесіңдер ғой. Бірақ сендерді мен таныстырдым ғой" деп ренішін білдірді.

Бірақ біз бәрібір ән жазып шығардық. "Егер A.Z-мен фит жазатын болсаң, мен сенімен сөйлеспеймін" деп Ерке маған ренжіп қалды. "Азаматпен жазба" деді. Мен бұл өнер екенін түсіндіруге тырыстым. Өнер үшін жасалып жатқан дүние дедім. Бірақ ол бәрібір ренжіп, тіпті желіде мені өшіріп тастапты. Мен де оны өшіріп тастадым", - деді әнші.

Айқын Төлепберген бұл әрекеті үшін Ерке Есмаханнан кешірім сұрап, оның ренішін басуға тырысты.

Айта кетейік, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев бұған дейін қарым-қатынаста болған. Жарасымды жұлдызды жұп дәм-тұзы жараспай, кейін айырылысып кеткен. еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977971-onymen-duet-zazba-dedi-erke-esmaxan-az-men-an-zazgan-aiqynga-renzip-qalgan-video/

pixel