"Ұрысып қалғанына біраз жыл болған": Елшібаева Зейнеп Ахметова мен Мақпал Жүнісова дауына пікір білдірді
Жарияланған күні:
Әнші Айгүл Елшібаева Зейнеп Ахметова мен Мақпал Жүнісованың дауына қатысты өз пікірін айтты. Өнер иесі қос тұлғаның арасында туындаған жағдайға өзін кінәлап, сынға алып жатқан көпшілікке Instagram желісінде жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айгүл Елшібаева жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың Жүнісова туралы айтқан жағымсыз пікірін тікелей эфирде көрсеткені үшін сынға қалған. Елшібаеваның айтуынша, қос тұлғаның қарым-қатынасы біраз жыл бұрын бұзылған. Сондай-ақ өнерде жүрген екі қайраткерді де қатты сыйлайтынын, видеоны толық көрмей жатып, артық пікір айтудың қажет жоқ екенін алға тартты.
"Дастархан басында саясаттан бастап, базардағы қантпен бітетін әңгіменің ішінде жүзіп жүріп, тікелей эфирдегі Зейнеп апамыздың бір сөзін іліп алып, мені қосып қарғағандарыңа жол болсын. Тікелей эфирде ән салып отырып, Жұбаныштың айта алмағаны жөнінде жанды дауыс туралы сөз болғанда, "қандай мықты әнші болса да, әнші бабында болмаса, әншілігін көрсете алмайды" дегенім рас.
Сөз арасында Зейнеп апайға "Мақпал апайға неге ренжіп жүрсің?" дегеніме тікелей эфирде өзінің көзқарасын айтты. Әркімнің өз пікірі бар болғасын, ол тақырып менің сол күнгі эфирімде 2 жеті бойы сөз болмапты.
Зейнеп апай мен Мақпал апайдың арасына сызат түсіп, ұрысып қалғанына біраз жыл болған екен. Мені "Мақпалды көре алмай жатыр" деп ортадағылар ватсаптан мені Мақпал апайға айдап салып, "Жұбаныш екеуімізді неге қорғамадың?" дегенде "толық нұсқасын көріңіз, сіздің әншілігіңізге мен сын сөз айттым ба?" дегесін, апамыз толық видеоны көріп, көзі жетіп, "абай болу керек" деді.
Өнегелі сөз маржанын зерделеген Зейнеп апай да, әншілігі бір төбе Мақпал апай да қазақтың өз адамы. Кейде адамдардың арасында түсініспеушілік, реніштен туған сөздер айтылуы заңдылық. Мені Мақпал апайға айдап салғанымен, армандарың орындалмай қалды", - деп жауап берді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978043-urysyp-qalganyna-biraz-zyl-bolgan-elsibaeva-zeinep-axmetova-men-maqpal-zunisova-dauyna-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.