Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматтың басын сыйлау - ұлы түсінік": Қарагөз Сүлейменова ерлерді құрметтеудің маңызына тоқталды

Опубликовано:

Қарагөз Сүлейменова
Фото: Instagram/ karagozsuleimenova

Танымал актер Досхан Жолжақсыновтың әйелі Қаракөз Сүлейменова азаматтарды сыйлау жөнінде сөз қозғап, ерлер қауымын құрметтеудің маңызына тоқталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаракөз Сүлейменова ер адамдар мен олардың қоғамдағы рөліне қатысты төркінінде өткен тойдағы сөзінде айтқан. Ол көпшілік алдында сөз сөйлеген сәтінен үзіндіні Instagram парақшасында бөліскен.

"Біздің әулетімізде де азамат деген қазақтың тамаша түсінігі бар. Мен кез келген ер-азаматты күйеу, балалардың әкесі, менің жарым деп қана қарамай, ең алдымен бұл қазақтың азаматы деген түсінік алдымызда тұрады. Азаматтың басын сыйлау ұлы түсінік деп білем. Аман болыңыздар арқасүйерлеріміз, әр шаңырақтың отағасы аман болсын", - деді ол.

Желі қолданушылары Сүлейменованың айтқанына қосылып, оған қолдау білдірді.

"Өте дұрыс айттың. Текті жерден шыққаныңды көрсеттің. Айналайын тек қосағыңмен қоса ағарып, бақытты ғұмыр кешіңдер дер едім", "Сізбен толықтай келісемін", "Жарайсыз. Ер адамдарды қашанда сыйлау керек. Олар біздің арқасүйерлеріміз ғой", "Қандай түсінігі мол әйел", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978229-azamattyn-basyn-syilau-uly-tusinik-qaragoz-suleimenova-er-azamattardy-qurmetteudin-manyzyna-toqtaldy/

pixel