Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басымдағы баянды бағым": Төреғали Төреәлі келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі келіншегі Толқынды жаңа жасымен құттықтап, оған ерекше тосынсый жасады. Өнер иесі әйелінің құшағын гүл шоқтарына толтырып, сыйлығын тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төреғали Төреәлі балаларының анасын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Әнші отбасымен бірге түнгі он екіден кейін Толқынға тосынсый жасап, ерекше көңіл-күй сыйлаған.

Туған күн иесін күйеуінен басқа ата-енесі, қайын сіңлілер, мен өз ата-анасы да құттықтап келген. Жұлдызды жанұя мүшелері Толқынға өз сыйлықтарын тарту етіп, ақ тілектерін жаудырды.

"Асыл жарым, басымдағы баянды бағым", - деп жазды Төреғали видео астында.

"Ұлы дала баласы" көпшіліктің алдында жұбайына арнап алған сыйын көрсетті. Өнер иесі осыған дейін әйеліне сыйлық беріп көрмегенін айтты.

"Енді мен осы уақытқа дейін Толқынның туған күніне ешқандай сыйлық бермейтінмін. Осы жолы 30 жасына арнайы дайындадым", - деп бөлісті әнші.

Ол Толқынға Tiffany брендінен әшекей жиынтығын тарту етті.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978231-basymdagy-bayandy-bagym-toregali-toreali-kelinsegin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel