Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманбаева: Әке-шешемді екі жаққа жіберіп,өзіме күресуді үйреткен Аллаға алғысым шексіз

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева ата-анасымен
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Әнші Айгүл Иманбаева желіде ата-анасы туралы әсерлі жазба жариялап, өз жан сырын ақтарды. Өнер иесі олардың ажырасуын сөз етіп, бұл кезеңді өз өміріндегі үлкен сабаққа теңеді. Сөзінше, оның өткенге өкпесі жоқ. Керісінше ол бұл жағдайдың арқасында күресуді үйренгенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаева ата-анасы жайлы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Эстрада жұлдызы олармен туыстарының тойында бас қосқан. Оған қоса әнші әкесінің екінші келіншегін де көрсетті.

"Ай өмір-ай. Берері таусылмайтын жаратушымның құдіреті-ай. Біз асыққанмен Алла асықпай бәрін орнына қойып, маған қаншама нәрсені түсіндіріп, кемелдендіріп, тереңдетіп, нағыз өмірді сүруім үшінде әке-шешемді екі жаққа жіберіп, өзіме күресуді үйреткенің үшін алғысым шексіз.

Барлық тағдыр тауқыметіме алғыс айтамын. Бүгін әжеміз Гүлжанның екінші атамыздан тараған ұлы Камиль ағамыздың шаңырағындағы қуанышта бас қостық! Әкемнің екінші жолдасы Нурбала анамыз да фотода бар. Бұл күнімізге де сансыз алғыс, жаратқан ием", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978381-imanbaeva-ake-sesemdi-eki-zaqqa-ziberipozime-kuresudi-uiretken-allaga-algysym-seksiz/

pixel