jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әнші Айдар Тұрғамбек қажылыққа барды (видео)

    Айдар Тұрғамбек
    Фото: Instagram/aidar_turgambek

    "Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек қажылыққа аттанды. Өнер иесінің қасиетті мекенге барғаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айдар Тұрғамбек қасиетті сапарға аттанғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол Мекке қаласынан видео түсіріп, оқырмандарына бөлісті.

    "Қажылыққа Алла шақырады дейді, осында қонағы болуға шақырған Аллаға есепсіз мақтаулар болсын. Дұғамызда елдің тыныштығын, бірлігін, берекесін көп сұрадық. Баршаңызға нәсіп болсын осы киелі жерге келуді", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары өнер иесі үшін қуанып, оған жылы лебізін білдірді.

    "Жаратушы ниетіңізді қабыл етсін", "Қандай керемет сапар. Меккеге баруды бәрімізге бұйыртсын", "Барлық тілектеріңіз орындалсын", "Сауабы молынан болсын", "Дұғаларыңыз қабыл болсын", - деп жазуда оқырмандар.

    Әнші Айдар Тұрғамбек қажылыққа барды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.