Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатулы қабағын көрмегем": Мөлдір Мұқанова енесін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Жарияланған күні:

Мөлдір Мұқанова енесімен
Фото: Instagram/moldir.mt

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова желіде енесіне жантебірентерлік жазба арнап, оны туған күнімен ерекше құттықтады. Ол екінші анасының бойындағы асыл қасиеттер туралы айтып, мақтауын асырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Мұқанова өзін бақытты келін ретінде сипаттады. Ол осы күнге дейін енесінің қатулы қабағын көрмегенін жеткізді.

Оған қоса Тұрсынбектің келіншегі енесі өзі үшін нағыз үлгі екенін алға тартты. Сөзінше, күйеуінің анасы ешкімге ешқашан ренжімейді. Ол енесінің осы қасиетіне тәнті екенін айтып, өзі де сондай болып келе жатқанын жеткізді.

Мұқанова Instagram парақшасында енесін жаңа жасымен қалай құттықтағанын да көрсетті. Ол жақындарымен бірге әндетіп туған күн иесін күтіп алып, оған гүл шоғын тарту еткен. Одан кейін енесі мен келіні бірге вальс биледі.

"Менің енем – ең жақсы адам! Бүгін менің мамамның туған күні. Ол кісіге деген құрметімді, ықыласымды, махаббатымды бәрін бір жазбаға сыйдыра алмаймын. Ене мен келін тақырыбы жыры бітпейтін тақырып қой. Қоғамда бір стеоротип әлі де бар, ене келінге күн бермейтін жаман адам. Ене деген "бүжай. Менің жағдайымда мүлдем басқа, Аллаға шүкір деймін. Ененің қатулы қабағын көрмеген бақытты келінмін.

Анашым қардай аппақ көңілі бар аңқылдаған кісі. Біреуді бір жамандағынын, не болмаса біреуге бір ренжігенін көрмеппін. Сенесіз бе, адам баласына ренжімейді, мүлдем ренжімейді. Өзім де сол қасиетіне таңқалатын едім, бүгінде өзім де сондай болып келемін.

Жалпы, адамның жетісттіке жетуі, бақытты өмір сүруі – ата-ананың разылығында, баласына деген сенімінде және ата-анасының ақ, адал өмір сүруінде деп ойлаймын. Тұрсекенің халықтың ыстық ықыласына бөленіп, біздің балалы-шағалы бақытты шаңырақ болып отырғанымыз осы айналайын ақ мамамыздың, әкеміздің ақ тілеуі, жақсылығы, жақсы адам болуының арқасы.

Мамамыз туралы қашан да тек мақта естимін. Өйткені ол кісі тек мақтауға лайық алтын жан! Менің енемдей ене әр қазақтың қызына бұйырсын! Бар жақсы қасиетін тізіп жаза бергім келіп, бірді айтып, бірге кеттім. Ең басты айтқым келгені менің енем – ең жақсы адам", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978644-qatuly-qabagyn-kormegem-moldir-muqanova-enesin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/