Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хайптың да түрлері болады": Айқын "Ұйқым келмейді" әнінің орындаушысына кеңес берді

Опубликовано:

Айқын
Айқын Төлепберген. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Отандық эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген желіде қызу талқыланған "Ұйқым келмейді" әніне қатысты пікір білдірді. Ол әннің орындаушысы жіберген қателіктерін атап, оған өз кеңесін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқын Төлепберген бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты.

"Оның басты қателігі - не бүлдіргенін өзі түсінбегені. Ол өзінің қателігін түсіне алмай отыр. Ол әнде ұйқас жоқ екенін, сөзінде мағына жоқ екенін түсінбеді. Ол TikTok пен YouTube желісінде танылып кеттім деп ойлады. Ол хайпты танымалдылықпен шатыстырған көрінеді.

Бірақ хайптың да түрлері болады. Сол себепті, қарындас, келесіде мәтінді кәсіби мамандарға жаздыртыңыз. Бүкіл Қазақстанға күлкі болудың қажеті жоқ. Болмаса, мәтіндеріңізді бізге жіберіңіз", - деді ол.

Айта кетейік, бір күн бұрын желіде "Ұйқым келмейді" әні таралып, елдің қызу талқысына түскен еді. Желіні шулатқан туынды екі күнде 300 мыңнан аса қаралым жинап, трендті видеолардың көшін бастаған.

Алайда жас орындаушыны мақтағандардан гөрі бұл ән үшін сынға алып, мазақ еткендер көп болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978668-xaiptyn-da-turleri-bolady-aiqyn-uiqym-kelmeidi-aninin-oryndausysyna-kenes-berdi/

pixel