Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыт тілеймін": Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуінің үйленгеніне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Динара Қырықбаева
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Әнші Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуінің тағы да шаңырақ көтергенін естіп, оған шын жүректен бақыт тіледі. Үш баланың анасы ажырасқаннан кейін күйзеліп, қайғыруға уақыты болмағанын ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Қырықбаеваның оқырмандары әншіге бұрынғы жолдасының үйленгенін айтып, оның бұл туралы не ойлайтынын сұрады.

"Күйеуіңіз үйленіпті ғой. Құттықтайсыз ба?", - деп сұрады желідегілер.

"Керемет жаңалық. Оны шын жүректен құттықтаймын", - деп жауап берген әнші желіде.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасып кеткенін хабарлап, барша жанкүйерін таңғалдырған еді. Кейін өнер иесі бұл шешімі үшін еш өкінбейтінін айтты.

Динара Қырықбаеваның Stories-і
Скриншот: Instagram/kyrykbayeva

Динара желіде оқырмандарына жолдасымен ажырасу себебін түсіндіріп, некеде қатты жалғызсырағанын айтқан болатын. Одан бөлек әнші бұрынғы күйеуімен бүгінде мүлдем араласпайтынын, десе де балаларының әкесіне бақыт тілейтінін жеткізді.

Желідегілер әншіден ажырасудан кейінгі күйзелісі туралы да сұрақ қойған.

"Күйзеліске түсетін уақыт жоқ", - деп тақырыпқа нүкте қойды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978697-baqyt-tileimin-dinara-qyryqbaeva-buryngy-kuieuinin-uilengenine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel