Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішіндегі баласын сатқанмен тең": Алтынбек Қоразбаев ән үшін ақша сұрайтындарды сынға алды

Опубликовано:

Алтынбек Қоразбаев
Фото: qazaqconcert.kz

Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Алтынбек Қоразбаев ешқашан әнін сатпайтынын айтты. Өнер иесі бұл туралы Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұхбат барысында Нұрлан Албан халық әртісінің бір әніне құда түскісі келетінін жеткізген.

"Мен әнімді сатпаймын. Мен талай рет айтқанмын. Әнді сату - ішіндегі баласын сатқанмен тең. Айтамын десең, менің айналдырған 70 әнім бар, бәрін айт. Кім айтам десе де беремін. Тегін беремін. Өзім клип жасауға көмектесемін. Кейбіреулер әнін сатады екен, мен әнімді ешқашан сатпаймын", - деді Алтынбек Қоразбаев.

Сонымен қатар ол әнге сөз жазу барысында ақындарға көмектесетінін және кейбір әннің сөзін өзі жазса да өзге ақындардың атынан жарыққа шығарғанын атап өтті.

"Мәселен, "Қара кемпір" әнінің 9 шумағын айтсам, соның 7-8 шумағын өзім жазғанмын. Енді тарихы өзімнің ауылымнан шыққан қария әжейге арналған ән ғой. Тәкен деген досым бар. Өзі ақын әрі журналист. Бірге отырып жазғанбыз. Идеясы бәрі өзімдікі. Сондай-ақ, "Сырғалым" әнінің 80 пайызы өзімдікі", - деді сазгер.

Сонымен қатар, композитор өзінің жасырын дәулетіне қатысты сұраққа жауап берді.

"Енді ол бизнеске жата ма, жатпай ма, білмеймін "Алтын домбыра" дейтін өнерге аралас мектебім бар. Менің бизнесім – менің авторитетім", - деп әңгімесін түйіндеді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978779-isindegi-balasyn-satqanmen-ten-altynbek-qorazbaev-an-usin-aqsa-suraityndardy-synga-aldy/

pixel