jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Кішкентай мемлекет": Отбасылық өмірге арналған жаңа сериал жарыққа шықты (видео)

    Отбасылық өмірге арналған сериал жарыққа шықты
    Ситкомнан үзінді.Скриншот: Youtube/Кішкентай мемлекет

    Отбасы – шағын мемлекет. Мұнда өзіндік шекара, өзіндік заң мен құқық және міндеттер бар. Жанұядағы тоқтаусыз тіршілікті баяндайтын "Кішкентай мемлекет" ситкомы жарыққа шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ситкомның басты кейіпкерлері – үлкен қазақ жанұясының мүшелері. Мұндағы "мемлекет" басшысы – әке. Экономика, қаржы және білім министрі – ана, ал полицияда жұмыс істейтін үлкен ұл – ішкі істер министрі. Алғашқы маусымда үлгілі отбасы "Ауданның үздік жанұясы" атағына таласып, кейін "Қаладағы ең үздік 50 отбасы" қатарына кіру туралы мақсат қояды.

    Бұл отбасы 16 бөлмелі, "Достық" көшесінде орналасқан үлкен үйде тұрады. Олармен өзбек, қырғыз және орыс отбасылары көрші орналасқан.

    Сериалда қазіргі әлеуметтік және саяси оқиғалар қалжың әрі ирония арқылы көрініс тапқан.

    Аталған ситкомның бірінші бөлімі Youtube-те жарияланды.

    "Кішкентай мемлекет": Отбасылық өмірге арналған жаңа сериал жарыққа шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.