Бесбаевтың әйелімен жұлқына билеген Әбдіжаппар Әлқожа сынға қалды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаевтың әйелімен билегені үшін елден сөз естіді. Қалың көпшілік өнер иесінің әрекетін аса ерсі санап, оны сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әбдіжаппар Әлқожа аталмыш видеоны Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртістің Бесбаевтың келіншегінің алдында жұлқына билеп жатқанын көруге болады. Мархабат оның бұл қылығына таңғалып, не істерін білмей қалған.
"Жеңгеммен бір ретсіз биледім", - деп жазып қойды әнші.
Алайда артынан өнер иесі бұл қателігін жойып, жеңгесімен дұрыстап билеген.
Желі қолданушыларына Әбдіжаппар Әлқожаның бұл қылығы аса ерсі көрініп, ұнамай қалған.
"Не деген көргенсіздік", "Ұят жағдай болыпты", "Қандай ерсі, өзім ұялып кеттім", "Мақтаншақтар", "Жаман еркелейді екен жеңгесіне", "Тіптен жарасып тұрған жоқ. Өте ерсі көрінеді", - деп жазған оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978924-besbaevtyn-aielimen-zulqyna-bilegen-abdizappar-alqoza-synga-qaldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.