Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәби көрсек жүрегіміз қан жылайтын": Танымал блогерлер балалы болатынын хабарлады

Опубликовано:

Ақсұңқар мен Арайлым
Фото: Instagram/ dearaikaa

Әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке танылған гитарист Ақсұңқар мен әнші Арайлым Әбілсейіт жақында алғаш рет ата-ана атанбақ. Ерлі-зайыпты бұл күнді көптен бері күткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығымен Ақсұңқар мен Арайлым Instagram желісінде хабарлады. Олар ел алдында көңілді жүргенімен ішінде мұң болғанын жасырмады. Сәби сүйе алмай жүрген жұп бала көргенде көзіне жас толып, жүрегі қан жылағанын айтты. Десе де олар үмітін үзбеген.

"Алдарыңызда күліп жүргенімізбен, ішімізде мұң еді. Сәби көрсек жанарымыз жасқа толып, жүрегіміз қан жылайтын. "Қашан бала?", "Кімнен екен?" деген сөздерді естігенде айтарға сөз таппай, тамағымызға тас біткендей, бұл әлемнен безіп кеттік.

Үмітіміз тек Аллада болды. Дәрігерлер ананы айтты, мынаны айтты. Емделмедік те. Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады деген ұстаныммен тек Алладан сұрай бердік, сұрай бердік! Дұғада болдық. Қалауымыз жауапсыз қайтпады. Алла өз пенделерінің сұрауын жауапсыз қалдырмай, құрсағымызға бала бітірді.

Алла ұлық! Ол шексіз мейірімді! Үйленгенімізге 2,5 жылға жуық уақыт болды. Осы уақытқа дейінгі басымызға берілген әрбір сынақ - бізге берілген үлкен сабақ болды.

Неге дейсіз бе? Сол арқылы Ақсұңқар мен Арайлымның босағасы бекіп, шаңырағы қаланып, небір дауылдарға төтеп бере алатын жанұяға айналды. Бұл арқылы біз бір-біріміздің, отбасының қадірін түсіндік.

Қаншама адам небір сөздер айтса да сынбай, Алладан ғана қол жайып сұрап, бір-бірімізге демеу бола білдік. Біз асыққанымызбен, Алла асықпайды", - деп жазды ерлі-зайыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979106-sabi-korsek-zuregimiz-qan-zylaityn-tanymal-blogerler-balaly-bolatynyn-xabarlady/

pixel