"Намысым жібермейді": Тәуекел Мүсілімнің әйелі күйеуінен ақша сұрай алмайтынын айтты
Опубликовано:

Актер Тәуекел Мүсілімнің әйелі тұрмысқа шыққан соң күйеуінен ақша сұрай алмағанын айтты. Махаббаттың сөзінше, оған намысы жібермеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың бірі Махаббаттан сүйікті адамыңнан ақша сұрау жайлы пікірін білмек болды. Актердің келіншегі бұл сауалға қысқа жауап берді.
"Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Мен тұрмысқа шыққанда күйеуімнен ақша сұрай алмайтынмын. Намысым жібермеді", - деді ол.

Оған қоса Махаббат Мүсілім қысқа киім кию жайлы не ойлайтынын айтты.
"Әрине, тұрмыстағы қыздың мәртебесі тым қысқа киім киюге мүмкіндік бермейді. Бірақ кейде тізеге дейінгі көйлектерді де киіп тұрамын. Алайда өзіме ұзындығы орташа көйлектер ұнайды, - деді Тәуекелдің әйелі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979117-namysym-zibermeidi-tauekel-musilimnin-aieli-kuieuinen-aqsa-surai-almaitynyn-aitty/