Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала көтере алмаймын": Замира Сұлтан өзінің қатерлі дертке шалдыққанын айтты (видео)

Опубликовано:

Замира Сұлтан қатерлі дертке ұшырағанын айтты
Замира Сұлтан. Скриншот: Youtube/Пендеміз ғой

Халық арасында "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған Замира Сұлтан денсаулығында ақау барын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісіне жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Замираның айтуынша, дәрігерлер оған жатыр мойнындағы қатерлі ісіктің енді басталып келе жатқанын хабарлаған.

"Бір жағымды емдесем, екінші ауруым шығады. Онсыз да бала көтере алмай, шаршап жүргенде дәрігерлер қатерлі ісік белгілері барын айтты. Екі жатыр түтігім де істемейтінін естідім. Бала көтере алмайтынымды біліп, жыладым", - деді Замира өзінің ресми парақшасында.

Сондай-ақ белгілі блогер өзінің бір көзі көрмейтінін, эпилепсия және алқым ісуімен (зоб) ауырытынын жасырмады.

"Естеріңізде болса, өзімнің бала көтере алмайтынымды және қатерлі дерттің басталып келе жатқанын айтқан болатынмын. Бала көтере алмаймын, бірақ дәрігер аналық жасушалар мен гормондардың жақсы жұмыс істеп тұрғанын айтты. Тек ЭКҰ арқылы бала сүйетін мүмкіндігім бар. Енді сол үшін жұмыс істеймін. Жатыр мойыны ісігін қазірден бастап емдеп жатырмыз. Уақыт өте келе бәрі жақсы болады деген үміттемін", - деді Замира Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979290-bala-kotere-almaimyn-zamira-sultan-ozinin-qaterli-dertke-saldyqqanyn-aitty-video/

pixel