Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағлан Әбдірайымов отбасымен Алакөлде қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов отбасымен демалуға аттанды. Эстрада жұлдызы өзге өнер өкілдері секілді шетел аспай-ақ, өз еліміздің демалыс орындарына баруды жөн көрген. Әртістің таңдауы Алакөлге түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымовтың жанұясымен демалысқа барғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды.

Өнер иесі Алакөлден түрлі фото мен видео жариялап, көпшілікке қалай уақыт өткізіп жатқанын көрсетті. Әнші биыл Алакөлге бірінші рет барған. Сөзінше, демалысы көңілінен шығып жатыр.

"Ыстық күнде суға түсуге бәріміз асығамыз. Қанша рет Алакөл суының шипалы екенін естісем де баруға асықпадым. Осы жолы 7-8 отбасы жиналып шыққан екен, ілесіп кеттім. Бәрі керемет! 4-5 жылда тіпті керемет болады. Жолы да, сервисі де", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Мадина Сәдуақасованың отбасымен демалысқа аттанғанын жазған болатынбыз. Жұлдызды жанұя Біріккен Араб Әмірліктеріне жол тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979346-baglan-abdiraiymov-otbasymen-alakolde-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel