Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамның баспаған тауы қалмады": Құрмаш Махан әпкесінің дерті туралы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Құрмаш Махан
Видеодан кадр: Youtube/Nartay Aralbayuli

Әнші Құрмаш Махан ашылып сұхбат беріп, отбасындағы ауыр кезеңдерді есіне алды. Өнер иесі әпкесінің дерті туралы жан сырын ақтарды. Ол жанұясындағы қиын сәттерден кейін намазға келгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құрмаш Махан әпкесінің дерті оның өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгерткенін жеткізді. Әнші жанұясының басынан өткен ауыр сәттерді Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып берді.

"Туған әпкем бала кезінен аурушаң болды. Қайта-қайта емханаға жата беретін, әке-шешем әбден қиналды. Біреулер ол "психологиялық ауру" деді. Ол кезде емші-тәуіп деген бірең-сараң, сондайларды аралаған кездері болды. Әсіресе, анамның баспаған тауы қалмады. Сондай кезеңдер менің де көз алдымнан өтті. Әпкем үшін менің де жүрегім ауыратын. 

Мен есейіп, мектеп бітіріп, әскерге кететін кезде әпкем өзі кірісіп, соның жауабын іздей бастаған. Неге ол ауырады? Неге ондай нәрселер оның басынан өтіп жатыр? - деген сауалдардың жауабын білу үшін. Мен әскерден келгенде үйдегілердің бәрі намазға жығылған. Әпкем бәрімізден бұрын Аллаға құлшылық адамның ең бірінші парызы екенін түсінді. Бәріміздің дұрыс жолға келуімізге себепші болды. Құдай өзін қалаған құлын дұрыс жолға саламын десе, салады. Оның өзінде, мен дұрыс жолда келе жатырмын деп айта алмаймын. Бірақ дұрыс жолдағы Алланың парыздары мен сүннеттерін орындауға тырысып жүрген пенделерінің бірімін", - деді әртіс.

Айта кетейік, бұған дейін Құмаш Махан баянсыз махаббаты туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979499-anamnyn-baspagan-tauy-qalmady-qurmas-maxan-apkesinin-derti-turaly-zan-syryn-aqtardy/

pixel