Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрік сериалдарының жұлдызы Эбру Шахин танымал спортшыға тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Түрік актрисасы Эбру Шахин тұрмысқа шықты
Эбру Шахин мен Джеди Осман. Фото: instagram/rebrusahin

Қазақстандық көрермендерге түрік сериалдары арқылы жақсы танылған актриса Эбру Шахин сүйіктісі Джеди Османға күйеуге шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жас жұбайлар үйлену тойын екі қалада өткізді. Неке қию рәсімі күйеу жігіттің туған жері - Македонияның Охрид қаласында ұйымадастырылып, салтанатты шара Чешме қаласында жалғасын тапты. Түркиядағы той өтетін қала да бекерге таңдалмаған. Эбру мен Джеди тап осы Чешмеде танысып, бір-біріне ғашық болып қалған.

Танымал жұлдыздардың тойында көп қонақ болған жоқ. Олар ең бақытты сәттерінің куәсі болуға отыз адамды ғана шақырған.

Айта кетелік, Эбру Шахин "Ветреный" және "Легенда" телехикаялары арқылы танымалдыққа ие болды. Ал Джеди Осман Ұлттық баскетбол лигасындағы "Кливленд кавальерс" клубы мен Түркия ұлттық құрамасының шабуылшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979634-turik-serialdarynyn-zuldyzy-ebru-saxin-tanymal-sportsyga-turmysqa-syqty-foto/

pixel