"Жасарып кеткен": Әнші Нұрғали Нүсіпжанов елдің ыстық ықыласына ие болды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нұрғали Нүсіпжанов соңғы уақытта желіде асқан белсенділік танытып жүр. Өнер иесі түрлі жиындардан суреттер жариялап, ел назарын өзіне аударуда. Көпшілік әртістің жаңа образдарына тәнті болып, оның жасарып кеткенін жарыса айтып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Нұрғали Нүсіпжановтың Instagram парақшасында бөліскен суреттері оның оқырмандарын қатты таңғалдыруда. Олар фотоларға қарап, әртістің ерекше киіну стиліне ғана тәнті болмай, оның қатты жасарып кеткенін де атап өтті.
Кейбір желі қолданушылары тіпті әншіні танымай қалғандарын жазуда.
"Атамыз гламурный болып кетіпті", "Ағамыз жасарып, имиджі ауысыпты. Соған қарағанда жеңгеміз сізге басын иіп қызмет етеді-ау. Керемет, мың жасаңыз", "Жеңгемізге рақмет", "Жасарып кеткен", "Жадыра жеңгейге рақмет. Ұзақ жасаңыз", "Шынымды айтсам сізді танымай қалдым. Жасы 85-те деп кім айтады?", "Үнемі осылай жүре беріңіз. Мәңгі жас болыңыз", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979726-zasaryp-ketken-ansi-nurgali-nusipzanov-eldin-ystyq-yqylasyna-ie-boldy-foto/