Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жылап алдым": Меруерт Түсіпбаева Томирис Байсафаның анасына қолдау білдірді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жаңа жазба жариялап, Томирис Байсафаның анасына өз қолдауын білдірді. Өнер иесі қайығылы жағдайда еңсесін түсірмей, қызын ақтап алып шыққан ананың батылдығын ерекше атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Меруерт Түсіпбаева қайғыдан қан жұтқан Жанна Ахметованың сұхбатын тамашалап, одан алған әсерін бөлісті. Әнші видеоны көру барысында тіпті бір жылап алғанын жасырмады.

"Екі кештің ортасында бір жылап алдым. Жанна ханымның өзге елде қаза тапқан, жазықсыз жауқазын Томирис туралы, айтқан әңгімесі толғантпай қоймайды сөзсіз. Жалпы қыз өсіріп отырған аналарға, әсіресе, мектепті бітіре сала бөтен мемлекетке ақ- қарасын айқындап үлгермеген қызғалдақтарын, оқуға жіберетіндерге ,осы сұхбатты міндетті түрде қарауға кеңес беремін. Жаман айтпай- жақсы жоқ. Қазақтың кіп-кішкентай қара қызының бойындағы күш- жігеріне , табандылығына басымды идім! Өз-өзіне қол жұмсады деп, қара күйе жағылған қызы Томиристі, ақтап алып шыққан, батыр ана, аман болыңыз! Мықтысыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979791-bir-zylap-aldym-meruert-tusipbaeva-tomiris-baisafanyn-anasyna-qoldau-bildirdi/

pixel