Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Мақсат Мамраимов тағы да қызды болды (фото)

Опубликовано:

Мақсат Мамраимов
Фото: Instagram/maks_braat

Қазақстандық танымал актер әрі продюсер Мақсат Мамраимовтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің екінші сәбиі дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықпен жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында бөлісті. Актердің келіншегі оған тағы да қыз бала сыйлаған.

Өнер иесі сәбиімен перзентханада алғаш кездесуінен сурет жариялап, қалың көпшіліктен сүйінші сұрады.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны шын жүректен құттықтап, өз ақ тілегін білдірді.

"Бауы берік болсын. Үлкен азаматша болсын", "Құттықтаймыз. Сіздер үшін қуаныштымыз. Балаларыңыз көп болсын", "Қос қызғалдағыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Енді қыздардың артынан ұл ерсін", "Қандай керемет жаңалық. Сәбиіңіздің дені сау, жолы ашық болғай", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұл Мақсат Мамраимовтың екінші перзенті болды. Оның үлкен тағы бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979986-akter-maqsat-mamraimov-tagy-da-qyzdy-boldy-foto/