Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баға жетпес асылым": Фариза Төреәлі күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/fariza_toreali

Төреғали Төреәлінің туған қарындасы Фариза Төреәлі күйеуіне желіде әсерлі жазба арнап, оны туған күнімен ерекше құттықтады. Ол отағасына деген асқан махабатты мен сыйластығын жеткізіп, өз ақ тілегін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Норатевты жаңа жасымен Instagram парақшасында құттықтады. Ол өмір жолында ең керемет жанға жолыққанын айтып, жолдасына өз сезімін білдірді.

Арқа сүйер ер азаматым , туған күніңізбен! Алламның берген ең үлкен сыйы, жанымның тыныштығы, қуанышымның себепшісі, мұңайсам жұбатушым, көркем мінезді үйретушім, нәзік жүрегімді қорғаушым, кемшілігіме көз жұматын, жақсылығымды асыратын, жүрегімнің иесі жарым, қараңғы түнде жарық болған жүзі нұрлы, кең жүректі баға жетпес асылым. Бұл дүниеде хайырлы жардан асқан бақыт бар ма?!

Сіздің бойыңызда ер азамат атауына лайық барлық қасиет жиылған. Ата-анаға салихалы бала, досқа адал жолдас, бауырларға қамқор, жарыңызға арқа сүйер азамат болып жүргеніңізге Алла разы болсын. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, мен сенемін! Ұстасқан қолдарымыз ажырамасын, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен қарайтын жанарымыздың оты өшпесін, қойған мақсатқа жететін аяқтарымыз талмасын, сан-қилы тағдыр жолы бізді жолықтырды, бастысы біргеміз. Сіздің болашаққа деген таудай жоспарларыңызды білемін, сіз үшін дұғада болып қолымнан келгенше демеумін. 25 жасыңыз құтты болсын! Сіздің Фаризаңыз", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980018-baga-zetpes-asylym-fariza-toreali-kuieuin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel