Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4 жыл бұрын некеге тұрдық": Жақында шаңырақ көтерген Ninety one әншісі әйелі туралы айтты

Жарияланған күні:

Дулат Мұхаметқали қалыңдығымен
Видеодан кадр: Instagram/ninetyoneland

Өткен аптада үйлену тойы дүркіреп өткен Ninety One мүшесі Дулат Мұхаметқали келіншегіне қатысты бар шындықты айтты. Ол сүйіктісін қалай кезіктіргенін және қарым-қатынастары қалай өрбігенін баяндады. Белгілі болғандай үлкен той енді өткенімен жастар төрт жыл бұрын некеге тұрып қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дулат Мұхаметқали әйелімен бірге ашыла сұхбат беріп, көпшіліктің көкейінде жүрген бірқатар сұраққа жауап берді. Олардың айтуынша, таныстықтары Ninety One тобының турнесі кезінде орын алған. Әртістің сүйіктісі шоу-бизнес саласында танымал бет әрлеушілердің бірі болып табылады.

Жадыра тіпті алғашқыда Дулатқа жігіт ретінде қарай алмаған. Сөзінше, оған жас айырмашылық себеп болған. Бойжеткен рэп орындаушыдан жасы үлкен екенін айтты.

"Бірінші кездесуде ешқандай әсер қалдырған жоқ. Өйткені өзім ұяң қызбын. Әртістердің бетін боясам да, көздеріне тіке қарамаймын деген ережем бар. Ол кезде барлық жігіттерден ұялатынмын. Оның жасы менен кіші. Сондықтан інім сияқты қабылдадым. Турне кезінде 4 ай бірге жүрдік. Қаладан қалаға жол жүрген кезде көп әңгімелесетінбіз. Әдетте мен жалғыз отыратынмын. Бір жолы Bala менімен орын ауысуды сұрады. Әдейі жасады ма, әлде кездейсоқ солай болды ма, білмеймін.

Сол кезде Дулаттың жанына отырдым. Түнімен әңгімелестік. Бұл әлемге көзқарасымыз бірдей екенін түсінген кезде қатты таңғалдым. Ондай адам өмірде жоқ шығар деп ойладым. Ол маған үйленуге ұсыныс жасаған жоқ. Негізінде біз осыдан төрт жыл бұрын некеге тұрдық. Некеде бола тұра ұсыныс жасаған бір түрлі болып көрінді", - деп ағынан жарылды әншінің әйелі.

Дулат Мұхаметқали ғашығын бір көргеннен ұнатқанын жасырмады. Ол Жадыраның өзгеге ұқсамайтынын жеткізді.

"Бірінші рет көріскен кезде ерекше екені бірден көрініп тұрды. Бір көргеннен ғашық болдым. Оны түсіну үшін сөйлесудің де керегі болған жоқ. "Баяу" бейнебаянының түсірілімінде екеуміз жалғыз қалып, сөйлесіп қалдықНеке, құдалық, қазақтың дәстүрі бойынша не болу керек, бәрі болып кетті. Тек ресми түрде жариялаған жоқпыз, АХАЖ-ға барып қол қойған жоқпыз", - деді ол сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980058-4-zyl-buryn-nekege-turdyq-zaqynda-sanyraq-kotergen-ninety-one-ansisi-aieli-turaly-aitty/