Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әли Оқапов достарымен Ыстықкөлде демалуда (фото)

Опубликовано:

Нұржан Әбубәкір, Әли Оөапов пен Қобыланды Болат
Фото: Instagram/aliokapov

Әнші Әли Оқапов өнердегі әріптестерінен қалыспай шетелде демалып қайтуды жөн көрген. Алайда өнер иесі алыс елдерге аттанбай, көршілес Қырғызстанға саяхаттауды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әли Оқаповтың Ыстықкөлде демалып жатқаны жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол кезекті саяхатынан сурет пен видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Эстрада жұлдызы Қырғызстанға өнердегі достары Нұржан Әбубәкір, Әбілмансұр Серіков пен Қобыланды Болатпен аттанған. Әртістер ыстық мекенде көңілді уақыт өткізіп, демалыстан алған әсерін бөлісуде.

Желі қолданушылары Оқаповқа жақсы демалыс тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

"Қырғызстанға қош келіпсіз. Жақсы демалыс болсын", "Ыстықкөлге жететін жер жоқ. Таңдауыңыз жақсы екен", "Естен кетпес демалыс болсын", "Жиі келіп тұрыңыз", "Керемет. Жақсы демалып қайтыңыз", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Мадина Сәдуақасованың отбасымен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатқанын жазған болатынбыз.

Оған қоса Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бала-шағасымен Түркияға аттанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980247-ansi-ali-oqapov-dostarymen-ystyqkolde-demaluda-foto/

pixel