Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ": Әнші Әміре ел күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Әміре
Фото: Instagram/amre_official

Отандық танымал әнші Әміре өнер саласында ұзақ қалуды мақсат етпейтінін кесіп айтты. Әртіс болашақта бизнеске бет бұрып, жастарға қолдау көрсеткісі келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әміре бұл мәлімдемесін Instagram парақшасында жасады. Өнер иесі "қартайғанша ән айтқысы келмейтінін" түсіндірді. Ол болашақта өзін бизнес саласынан көреді.

"Бизнестен көремін. Сахнада өнер көрсеткенімше көрсетемін. Әрі қарай хобби болып қалады. Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ. Керісінше жас таланттарға көмектесіп, қолдау көрсеткім келеді. Болашақта өзімді жеке бизнестен көремін. Құдайдың қолында", - деді ол.

Сонымен қатар желі қолданушылары әншіден қыздарға деген талғамын біліп алмақ болды. Әртіс өзіне сұлу қыздар ұнайтынын айтты. Оған қоса ол жасы үлкен қыздарға да қызығушылық танытатынын жасырмады.

https://www.instagram.com/amre_official/
Скриншот: Instagram/amre_official

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан да желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, бірқатар тақырыптарға қатысты өз ойын білдірді. Әнші болашақ күйеуінің бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980406-qartaigansa-an-aitatyn-maqsatym-zoq-ansi-amire-el-kutpegen-malimdeme-zasady/

pixel