Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғы ауыр": Жұлдыз Өмірғалидің жаңа фотосы желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали желіде күйеуі Айқын Төлепбергенмен жаңа сурет жариялаймын деп елдің қызу талқысына қалды. Қалың көпшілік ерлі-зайыптының үшінші сәбиін күтіп жүргенін жарыса болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Өмірғали желіде қызу пікірталас тудырған фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда әншінің күйеуімен мерекелік шараға барғанын көруге болады.

Алайда суретке түсерде ол ішін ойыншықпен жауып қойған. Бұл жайт бірден желі қолданушыларын ойландырып қойы. Олар Жұлдыздың аяғы ауыр екенін болжап өз пікірдерін жаудырды.

"Үшінші сәби ма?", "Жұлдыздың аяғы ауыр сияқты ғой", "Жүкті екен. Бақытты болыңыздар", "Бөпелі болыңыздар", "Шынымен аяғы ауыр болғаны ғой. Жасырып жауып тұрғанына қарағанда", "Құттықтаймыз. Балаларыңыз көп болсын", "Айқын екеуің бір-біріңе қатты ұқсап бара жатырсыңдар", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, жұлдызды жұп әзірге бұл болжамдарға қатысты пікір білдірген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980772-ayagy-auyr-zuldyz-omirgalidin-zana-fotosy-zelide-qyzu-talqyga-tusti/

pixel