Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақ болыңыздар": Актер Тәуекел Мүсілім ұрлықшылардың құрбаны болды

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/mussilim.: Instagram

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім ұрлықтың құрбаны болды. Белгісіз біреулер өнер иесінің велосипедін тапа-тал түсте өзі тұрып жатқан тұрғын үйдің подъезінен алып кеткен. Ұрыларды күзет пен бейнебақылау камерасының болуы да тоқтатпаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәуекел Мүсілім өзі тап болған жағдай туралы Instagram желісінде баяндады. Ол ұрлық сәтінен видео жариялап, барша оқырмандарын сақ болуға шақырды.

"23 маусым күні күзеті, бейнебақылауы бар тұрғын үй кешенінде түскі 12:00-де болған жағдай. Бір жыл бойы подъезде тұрған велосипедті ұрлап алып кетті. Сондықтан бей-жай қарамаңыздар. Құлыптарыңыз болса, соған байлап қойыңыздар. Қазіргі ұрылар Алладан қорықпайды, күзетті менсінбейді, видеобақылауды қыстырмайды. Ал біздің полицейлердің іздеуге мүлдем қауқары жоқ", - деп жазды актер.

Тәуекел Мүсілімнің Stories-і
Скриншот: Instagram/mussilim

Өнер иесі бір ай бойы тәртіп сақшыларына үміттеніп, бұл жағдай туралы айтпай желіде айтпай келгенін алға тартты. Алайда, айтуынша, әзірге нәтиже болмай жатыр.

"Босқа үміттеніппін. Бұл видео арқылы көпшілікке "мен сияқты бейқам болмаңыздар" дегім келеді. Дұрысы құлыпқа қойыңыздар. Сақтанғанды құдай сақтайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981082-saq-bolynyzdar-akter-tauekel-musilim-urlyqsylardyn-qurbany-boldy/

pixel